2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2020

Бостандық ауданы аумағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде


Елімізде оның ішінде Алматы қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты апта басынан бері Бостандық ауданы аумағында қоғамдық орындар көпқабатты тұрғын үйлер кіре берістерінде және аула, саябак пен сверлерде коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда ауданның көшелері, жаяу жүргіншілер жолдары, қоқыс жәшіктері, аула, балалар ойын алаңдары, тұрмыстық қатты қалдықтар салынатын жәшіктер мен көпқабатты үйге кіретін кіреберіс пен подъездерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Қала және аудан көшелері мен жаяу жүргінші жолдары күніне екі рет таңертең және кешке жуылады. Залалсыздандыру адам және қоршаған ортаға зиянсыз. Барлық қызметкерлер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген: медициналық маскалар, көзілдіріктер және қолғаптармен жұмыс жасауда.

 

Атап өтейік,  Алматы мен Нұрсұлтан қалалары 19 наурыздан бастап карантинге жабылды.

 

 

 

 
  
                               

                               
19.03.2020