Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2019

Ауданда А. Кекілбаев атындағы көше ашылды


Бүгін ертеректе Каблукова деп аталатын көше жаңа аттқа ие болды. Енді Алматы қаласы Бостандық ауданы аумағындағы Каблуков көшесі Әбіш Кекілбаев көшесі болып аталды.

Шараның ашылу салтанатына шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев, Ә.Кекілбаевтың жұбайы, балалары мен әріптестері еліміздің танымал қоғам қайраткерлері, әдебиет майталмандар және жергідікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

 

 Әбіш Кекілбайұлы  1939 жылы 6 желтоқсанда, Маңғыстау облысы Оңды ауылында дүниеге келген.Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002-2015).

 

А. Кекілбаев «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. ҚазССР Мәдениет министрлігінде, «Қазақфильм» студиясында бас редактор, Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы, ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы, Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі,  Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеген.

Ол 76 жасында өмірден өтті.


20.09.2019