Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.10.2019

Волейболдан финалдық ойындар өтті


Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында жастарды салауатты өмір салтына насихаттау және спортқа ынталандыру мақсатында ауданда орналасқан арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында ағымдағы жылдың 1 қазан мен 1 желтоқсан аралығында волейбол, тоғыз-құмалақ, шахмат және жеңіл атлетикадан спартакиада өткізу кестесі бекітіліп, алғашқы жарыс ойындары өз бастауын алды.

 

Спартакиада бағдарламасының ережесіне сәйкес 2019 жылдың 19 қазан күні 2 арнаулы орта оқу орындарында (Алматы мемлекеттік сервис және технология, Алматы энергетика және байланыс колледждерінде) ұлдар және қыздар арасында волейболдан финалдық ойындар ұйымдастырылып, барлығы 15 команда тіркеліп, 160 жасөспірім қатысты.

 

Жарыстың қортындысына сәйкес, ұлдар арасында І орын Алматы энергетика және байланыс колледжі, ІІ орын Инновациялық техникалық колледжі, ІІІ орынды Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі иеленді.

Қыздар арасында І орынды Тұран колледжі, ІІ орынды Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі, ІІІ орынды Алматы құрылыс және менеджмент колледжі алды.  

22.10.2019