Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.10.2019

"Педагогикалық идеялар фестивалі" қалалық байқау өтті


Бостандық ауданы №23 мектеп-гимназияда «Педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық байқауы өтті.Байқауға Бостандық ауданындағы мектептерден 13 мұғалім қатысты.

 

Фестивальдің мақсаты: өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау, зерделеу, кәсіби тәжірибесіне қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру. №40,45,92,93,94,105,138,183,190,191 мектептердің мұғалімдері қатысты. Байқау келесі кезеңмен өтті.

 

1-кезең «Мен сабаққа барамын» тақырыбындағы эссе байқауы (еркін түрде, жеке көзқарасын,  пікірін тарқата отырып жазылған шағын шығарма (критерийлері ұсынылған). 2-кезең: «Шебердің қолы ортақ» тақырыбында қатысушының өзекті болып табылатын тұжырымдамалық идеясының таныстырылымы ұсынылған шығармашылық жоба.

 

Қатысушыларды сараптама комиссиясы мен қазылар алқасы бағалап, екі кезеңнің нәтижесі бойынша қорытындысы шығарылды:

1-орынЖолдас Ербол Қожахметұлы - №40 жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі;

2-орын - Өтеген Бекет Үсенбекұлы - №93 мектептің мұғалімі және Серікқалиева Айман Канатовна - №45 мектептің қазақ тілі мұғалімі;

3-орын - Ли Наталья Аркадьевна – №105 гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі және Молдабаева Асель Габиткызы - №191 мектептің мұғалімі.

Барлық қатысушыларға мақтау грамоталары мен естелік сыйлықтар табысталды.

22.10.2019