Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.07.2019

Аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті


Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі Алтай Рахымбетовпен кездесіп, өзіңізді толғандыратын сұрақтарды қою үшін сіз Бостандық ауданы әкімінің кеңсесінде әр сейсенбі сайын өтетін жеке қабылдауға келуіңізге болады.

  

Бүгін де осылайша алдын ала жазылып келген 13 азамат әкімнің жеке қабылдауында болды. Кездесуде әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтерілді, оның ішінде ПИК жұмысы мен жолдарды жөндеу, көпбалалы отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету және жұмысқа орналасу сияқты сұрақтар көтерілді.

 

Қойылған арыз, өтініштер бойынша заң шеңберінде жауаптар мен түсіндірулер және ұсыныстар берілді. Тұрғындардың мәселелерін жедел шешу жөнінде қабылдауға қатысқан бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Азаматтардың барлық өтініштері бақылауға алынды. Жеке қабылдау әр сейсенбі сайын сағат 10.00-де өтеді.


25.07.2019