Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.07.2019

Көкжайлау шатқалында #Tazaalmaty экологиялық акциясы өтеді


Алматы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің бастамасымен қолға алынған жалпы республикалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына үн қосып, #TazaAlmaty қала кеңістігін тазарту бойынша жалпықалалық акцияны жариялайды.

 

27 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Көкжайлау шатқалын тазарту бойынша #TazaAlmaty экологиялық акцияның алғашқы кезеңін бастайды.

 Челленджге қатысушылар ұзындығы 5 км болатын шатқалға соқпақ жолмен көтеріледі. Жол бойындағы қоқыстар жиналады. Акцияның мақсаты – мегаполисті қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосу және экологиялық мәдениетті дамыту.

Жалпы қаланы қамтитын #TazaAlmaty акциясы аясында аудандардың ластанған аумақтары тазаратын болады. Экологиялық акцияға ниет білдірген барлық қалалықтар шақырылады.

26.07.2019