Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.10.2019

Асық атудан сайыс өтті


2019 жылдың 25 қазан күні Бостандық ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыруымен «Қарттар айлығы» аясында №138 мектеп-гимназиясында ауданның ардагерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және мектеп оқушылары арасында ұлттық спортты дәріптеу мақсатында асық атудан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс барысында ардагерлер мектеп оқушыларына асық ойындарының тарихы, тәрбиелік мәні мен тигізер пайдасы жайында айтып, асық ойынын үйренуге және ойнауға шақырды.

 

 Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелейді.

Асық ойыны ежелден келе жатқан ұлттық ойынымыз, әрі аса көп шығынды қажет етпейтін ойын түрі. Сондықтан оны дамыту маңызды болуда. Жыл сайын ел ішінде асық ойыны жарыстарын көптеп ұйымдастырудың өз мақсаты бар. Ол, біріншіден, жастарды спортқа баулу болса, екіншіден ұмытылып бара жатқан ұлттық ойынды қайта жандандыру.

«Асығу» ойыны ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілді.

26.10.2019