Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.10.2019

«Ашық есік күні» өтті


Ағымдағы жылдың 29 қазанында Алматы қаласы әкімінің   тұрғындарымен ашық диалог тапсырмасы және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Естуші мемлекеттік қызметші» тұжырымдамасын іске асыру аясында Бостандық ауданы әкімінің аппараты М. Мақатаев атындағы № 140 гимназияда кезекті «Ашық есік күнін» өткізді.

 

Ауданның тұрғындарымен кездесуді аудан әкімінің орынбасары және аудан әкімі аппаратының басшысы мен бөлім жетекшілері жүргізді.

Шараға 10 аса тұрғын келді, олар ПИК-ің жұмысын қанағаттанарлықсыз, ауланы, тротуарлар мен жолдарды жөндеу, тұрғын үй қатынастары және көшелерді жарықтандыру сияқты сұрақтар қойды.

 

Қойылған сұрақтарға түсініктемелер мен ұсыныстар беріліп, шешімін табу мақсатында сұрақтар аудан басшылығының қарауына және бақылауына алынды.

Бостандық ауданы әкімінің «Ашық есік күні» жүйелі түрде апта сайын: сейсенбі күні, бекітілген кесте сай өткізіледі.

 

Келесі кездесу 2019 жылдың 5 қараша күні сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Мүсірепова, 23, № 51 мектеп-гимназиясында өтеді.


30.10.2019