Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.10.2019

«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдары төрағаларының кездесуі өтті


Кеше 30 қазанында АЭжБУ базасында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Алтай Рахымбетовтың төрағалығымен партияның қайта жүктелуі, партияның Саяси кеңесі шешімдерінің орындалуы туралы «Нұр Отан» партиясының аудандық  филиалының бастауыш партия ұйымдары төрағаларының кеңес отырысы өтті.

 

Іс-шараға ауданның білім беру, медициналық мекемелер, кәсіпорындар, шағын және орта бизнес бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері қатысты.

 

Жиынды «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Алтай Рақымбетов ашып, жүргізді.

 

Ол жиынды алғы сөзімен ашып, кеңес отырысының регламентімен таныстырып   «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Баймұрат Жамбыловқа сөз берді.

 

Баймат Мұратханұлы тыңдаушылар назарына партияның аудандық филиалының 9 ай ішінде атқарған жұмыстарымен таныстып, партия мүшелерінің алдына  жаңа м3ндеттер қойды.

 

Арыда  партияның аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы - Эльдар Абдыгулұлы Кәрібаев,  № 12 емхананың кадрлар бөлімінің меңгерушісі, бастауыш партия ұйымының төрағасының хатшысы -  Айжолова Гүлнар Кенжеханқызының баяндамасы тыңдалды. 

Жиын соңында партияның белсенділеріне алғыс хаттар  табысталды.

 

31.10.2019