2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.02.2020

Бостандық ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі аяқталды


Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазынұлы 2019 жылға ауданның әлеуметтік – экономикалық даму қорытынды есеп беру кездесуін аяқтады. Шара ауданға жаңа қосылған аумақтағы №189 Білім беру ошағында өтті.    


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 2005 жылдан бері еліміздің әр деңгейдегі әкімдері атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп береді. Бұл тәжірибе жергілікті атқарушы билік басшыларының жұртшылықпен кері байланыс тетіктері ретінде өз тиімділігін растады. Олар халықтың елімізде өтіп жатқан реформалар, жергілікті органдардың жауапкершілігінің артуы мен есеп беруі туралы хабардар болуын жақсартуға, тұрғындарды  мазалаған сұрақтарын  жедел шешімін табуға көмектеседі.


Шара барысында Алтай Ерғазынұлы тұрғындар алдында ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп берді. Ресми бөлімі аяқталғаннан кейін тұрғындарды мазалаған сұрақтар бойынша талқылау жүрді.


Аудан тұрғындары Алтай Рақымбетовке өздерін толғандыратын  сұрақтарын оларға тұшымды толық жауаптар алып ризашылықтарын білдірді. Сондай ақ аудан басшысы қойылған барлық сұрақтарды тиімді шешілуіне өз  бақылауына алатынын жеткізді.


Жиын артынан әдеттегідей азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады


08.02.2020