2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Саясат САЯСАТ



Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 2 «Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі «Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне (Алматы қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1545 болып 2019 жылғы 12 сәуірде тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 45-46 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2019 жылдың 16 сәуіріндегі № 44-45 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің қосымшасында № 234, 235, 247, 248, 261, 262, 269, 272, 273, 278, 297 сайлау учаскелері орталығының атауы, осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетілген шешімнің қосымшасында № 228, 229, 233, 234, 235, 236, 237, 248, 249, 251, 252, 258, 259, 291, 292, 293, 294, 489, 490, 491, 492, 493, 494, 555, 558, 559 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің №2 қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

3) көрсетілген шешімнің қосымшасына осы шешімнің №3 қосымшасына сәйкес жаңадан ашылған № 568 сайлау учаскесімен толықтырылсын.

2.Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда және Бостандық ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Б. Алияроваға жүктелсін.

4. Осы шешім, ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

             Әкім                                                                                             А. Рақымбетов

Келісілді:

Алматы қаласы аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                                                                Ж. Асанова

«__» қаңтар 2020 жыл

Алматы қаласы

Бостандық ауданы әкімінің

2020 жылғы «__» қантардағы №__шешіміне

№1 қосымша







№ 234 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-3 шағынауданы, 5Г үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 145 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 249-90-46

№ 235 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Қарғалы шағынауданы, Кенесары хан көшесі,18 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ. Мұстафин атындағы № 191 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

телефоны: 299-77-10

№ 247 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 233 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «М. Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 376-44-88

№ 248 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 233 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «М. Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 376-47-18

№ 261 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Көктем-1 шағынауданы, 26А үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «М.Базарбаев атындағы № 138 гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 377-44-24

№ 262 cайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 29/3 үй, «Алматы қаласының спорт құрылыстары дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Орталық стадион» нысаны , телефоны: 292-53-52

№ 269 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Көктем-3 шағынауданы, 23 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 51 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 394-99-70

№ 272 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 34 үй, «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» акционерлік қоғамы, телефоны: 346-84-48

№ 273 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Жароков көшесі, 196 үй, Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық басқармасының «Алматы Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,

телефоны: 227-60-17

№ 278 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Көктем-3 шағынауданы, 11 үй, «Қалалық паллиативтік көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны телефоны: 394-51-57

№ 297 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 193 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 165 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 396-21-23

Алматы қаласы

Бостандық ауданы әкімінің

2020 жылғы «__» қантардағы №__шешіміне

№2 қосымша






№ 228 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-1 шағынауданы, 41 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 60 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 265-43-88

Шекаралары: Навои көшесінен бастап Торайғыров көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) Үлкен Алматы өзеніне дейін, Навои көшесіндегі 208/1, 208/2, 208/3, 208/4, 208/5, 208/7, 208/8, 210/3 үйлерді қоса, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Навои көшесіндегі 308, 308/11, 310 үйлерді қоспай Навои көшесіндегі 312А үйдің бұрышына дейін, Навои көшесіндегі 312А үйдің бұрышынан (шығыс жағы) солтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін.

№ 229 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-1 шағынауданы, 41 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 60 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 265-43-48

Шекаралары: Орбита-1 шағынауданындағы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 8Б, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 34, 35, 36, 37, 38 үйлер.

№ 233 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-1 шағынауданы, 41 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 60 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 265-48-87

Шекаралары: Орбита-1 шағынауданындағы 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 үйлер.

№ 234 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-3 шағынауданы, 5Г үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 145 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 249-90-46

Шекаралары: Орбита-4 шағынауданындағы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 үйлер.

№ 235 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Қарғалы шағынауданы, Кенесары хан көшесі, 18 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ. Мұстафин атындағы № 191 жалпы білім беретін мектеп  коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 299-77-10

Шекаралары: Арычная мен Асқаров көшелерінің қиылысынан бастап солтүстік-шығысқа қарай Асқаров көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) Саин көшесіне дейін, Саин көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа және одан әрі әл-Фараби даңғылымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай, Дулати көшесіне дейін, Дулати көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Мирас шағынауданының шекарасына дейін, Мирас шағынауданы шекарасының бойымен (солтүстіқ жағы) батысқа қарай Алма-Ата санаторийіндегі 1, 2, 3, 4, 5, 6 (шығыс жағы) үйлерді қоса Асқаров көшесіне дейін, Асқаров көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) солтүстік-батысқа қарай Арычная мен Асқаров көшелерінің қиылысына дейін.

№ 236 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-3 шағынауданы, 5Г үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 145 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 249-90-45

Шекаралары: Орбита-3 шағынауданындағы 26, 27, 55/2 үйлер, Орбита-4 шағынауданындағы 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 27, 28, 29, 30, 32, 33, 36, 37, 38 үйлер.

№ 237 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-3 шағынауданы, 55 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 45 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 249-90-44

Шекаралары: Орбита-3 шағынауданындағы 24, 25, 28, 29, 30, 31, 33, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 52/2 үйлер.

№ 248 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 233 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «М. Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 376-47-18

Шекаралары: Абай даңғылынан бастап Түркебаев көшесінің бойымен (екі жағы) оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін, Сәтбаев көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Сәтбаев көшесіндегі 111, 111А үйлерді қоса Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Абай даңғылына дейін, Абай даңғылының бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Түркебаев көшесіне дейін.

№ 249 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 257 үй, «Алматы электромеханикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны, телефоны: 376-62-70

Шекаралары: Үлкен Алматы өзенінен бастап Сәтбаев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Егізбаев көшесіне дейін, Егізбаев көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай және одан әрі шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Тәжібаева Патшайым көшесіне дейін, Тәжібаева Патшайым көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай тұйық көшемен Тәжібаева Патшайым көшесіндегі 97А үйді қоспай, осы үйге дейін, 97А үйден бастап (солтүстік жағы) батысқа қарай Лебедев көшесіндегі 70 үйді қоспай, осы үйге дейін және одан әрі Тұрғыт Өзал көшесіндегі 324 үйдің және Түркебаев көшесіндегі 261 үйдің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Брусиловский көшесіндегі 236, 277 және Айвазовский көшесіндегі 166, 173 үйлердің бойымен Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін.

№ 251 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Байтұрсынұлы көшесі, 150 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «Интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған   № 7 арнайы (түзету) мектеп-интернаты», телефоны: 292-13-09

Шекаралары: Тимирязев көшесінен бастап Минусинская көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Минусинская көшесіндегі 23 үйді қоса, Попов көшесіне дейін, Попов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Володарский көшесіне дейін, Володарский көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Бальзак көшесіне дейін, Бальзак көшесіндегі 4, 8, 8Б, 8В (шығыс жағы) үйлерді бойлай солтүстікке қарай Бальзак көшесіндегі 2, 2А,12А, 14, 14А, 16 және Попов көшесіндегі 15, 17 үйлерді қоспай Тимирязев көшесіне дейін, Тимирязев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Тимирязев көшесіндегі 30А, 32А, 32Б және Марков көшесіндегі 47А үйлерді қоспай Минусинская көшесіне дейін.

№ 252 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Шашкин көшесі, 14 үй, Алматы Энергетика және байланыс университеті (жатақхана), телефоны: 262-08-24

Шекаралары: Бальзак көшесінен бастап әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Есентай өзеніне дейін, Есентай өзенінен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Шашкин көшесіндегі 9, 9А, 9Б, 9В, 13 үйлерді қоспай Тимирязев көшесіне дейін, Тимирязев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Бальзак көшесіне дейін, Бальзак көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Бальзак көшесіндегі 2, 12А, 14, 14А, 16 және Попов көшесіндегі 15, 17 үйлерді қоса әл-Фараби даңғылына дейін.

№ 258 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71 үй, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, биология факультетінің оқу корпусы, телефоны: 377-33-34

Шекаралары: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханалары әл-Фараби даңғылының бойындағы 71/1, 71/5, 71/9, 71/10, 71/13 үйлер.

№ 259 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 үй, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, заң факультетінің оқу корпусы, телефоны: 247-29-29

Шекаралары: Тимирязев көшесінен бастап Есентай өзенінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Шашкин көшесіндегі 9, 9А, 9Б, 9В, 13 үйлерді қоса әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Бәйшешек көшесіне дейін, Бәйшешек көшесінің бойымен (екі жағы) оңтүстік-батысқа қарай Дружба бау-бақша серіктестігіне дейін және одан әрі солтүстікке қарай Академқалашық аумағына дейін, Академқалашық аумағының бойымен Ботаникалық бақтың шекарасына дейін, Ботаникалық бақтың (шығыс жағы) шекарасынан солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылындағы 71/1, 71/2, 71/3, 71/4, 71/5, 71/6, 71/7, 71/8, 71/9, 71/10, 71/12, 71/13, 71/17 үйлерді қоспай Тимирязев көшесіне дейін, Тимирязев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Есентай өзеніне дейін.

№ 291 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Радостовец көшесі, 367 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «М.В. Ломоносов атындағы № 38 Қазақстан-Ресей гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 247-56-66

Шекаралары: Розыбакиев көшесінен бастап Есқараев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Гагарин даңғылына дейін, Гагарин даңғылының бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Гагарин даңғылындағы 296 үйді қоса Дружба тұйық көшесіне дейін, Дружба тұйық көшесінің бойымен (екі жағы) оңтүстікке қарай Витебская көшесінің қиылысына дейін, Витебская көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Витебская көшесіндегі 10/1, 12В үйлерді қоспай Тропинин көшесіне дейін, Тропинин көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Гагарин даңғылына дейін, Гагарин даңғылының бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Қожабеков көшесіне дейін, Қожабеков көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Розыбакиев көшесіне дейін, Розыбакиев көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Есқараев көшесіне дейін.

№ 292 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Қазақфильм шағынауданы, 34 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 88 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 299-07-04

Шекаралары: Жароков көшесінен бастап әл-Фараби даңғылының бойымен (оңтүстік жағы) оңтүстік-шығысқа қарай Қазақфильм шағынауданындағы 34Б үйдің бұрышына дейін, 34Б үйдің бұрышынан бастап, оны қосып (батыс жағы) оңтүстікке қарай Бағанашыл шағынауданындағы Водопроводная көшесіндегі 8 үйді қоспай Бағанашыл шағынауданындағы Водопроводная көшесіне дейін, Бағанашыл шағынауданындағы Водопроводная көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Бағанашыл шағынауданың Строительная көшесіндегі 15, 18, 20 үйлерді қоспай Бағанашыл шағынауданындағы Сырғабеков көшесіне дейін, Бағанашыл шағынауданындағы Сырғабеков көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Алматинская көшесіндегі 38, 39 үйлерді қоспай және Қазақфильм шағынауданындағы 24 үйді қоса Қазақфильм шағынауданындағы Алматинская көшесіне дейін, Алматинская көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Исиналиев көшесіне дейін, Исеналиев көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Нұр Алатау (бұрынғы Алатау шағынауданы) шағынауданындағы Мәртебе (бұрынғы Болашақ көшесі) көшесіне дейін, Нұр Алатау (бұрынғы Алатау шағынауданы) шағынауданындағы Мәртебе (бұрынғы Болашақ көшесі) көшесінің бойымен (екі жағы) солтүстік-батысқа қарай әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылының бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Витебская көшесінің жұп сан жағындағы үйлерді қоса Жароков көшесіне дейін.

№ 293 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Қазақфильм шағынауданы, 15А үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 70 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 299-24-02

Шекаралары: Қазақфильм шағынауданындағы 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 28 үйлер және Алматинская көшесіндегі 38, 39 үйлер.

№ 294 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Қазақфильм шағынауданы, 15А үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 70 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 299-25-95

Шекаралары: Қазақфильм шағынауданындағы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 7Б, Алматинская көшесіндегі 9/2, 11, 12, 20, 29А үйлер, Нұр Алатау (бұрынғы Алатау шағынауданы) шағынауданындағы Мәди көшесі және Бағанашыл шағынауданындағы: Алмалы, Алмалы тұйық, Водопроводная, Восточная, Грушевая, Зеленая, Молодежная, Подгорная, Санаторная, Строительная, Сырғабеков көшелері және Алатау-2 бау-бақша серіктестігі.

№ 489 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Ерменсай шағынауданы, Жәңгір хан (бұрынғы Желтоқсан көшесі) көшесі, 18 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 183 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

телефоны: 386-72-15

Шекаралары: солтүстікке қарай Мамыр, Достық бау-бақша серіктестіктері шекарасының бойымен Таң бау-бақша серіктестігін қоса осы бау-бақша серіктестігіне дейін және одан әрі Таң бау-бақша серіткестігі шекарасының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Ремизовка бау-бақша серіктестігіне дейін, Ремизовка бау-бақша серіктестігі батыс шекарасының бойымен оңтүстікке қарай Бостандық ауданының оңтүстік шекарасы аумағына дейін, Бостандық ауданы шекарасы аумағының бойымен оңтүстік-батысқа қарай Алатау бау-бақша серіктестігін қоса Нұр Алатау (бұрынғы Алатау шағынауданы) шағынауданындағы Жұлдыз көшесіне дейін, Нұр Алатау (бұрынғы Алатау шағынауданы) шағынауданындағы Жұлдыз көшесінің бойымен, оны қоспай солтүстікке қарай Машиностроитель, Труд-1, Дзержинский атындағы, Сирень, Источник, Энергетик бау-бақша серіктестіктері батыс шекарасының бойымен Алма бау-бақша серіктестігіне дейін, Алма бау-бақша серіктестігі оңтүстік шекарасының бойымен Мамыр бау-бақша серіктестігіне дейін.

№ 490 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Нұр Алатау шағынауданы (бұрынғы Алатау шағынауданы), Қазыбек Тауасарұлы (бұрынғы Тәуелсіздік көшесі) көшесі, 33 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 189 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 298-78-70

Шекаралары: әл-Фараби даңғылыннан бастап Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Қонаев Асқар көшесінің (бұрынғы Бәйтерек көшесі) бойымен (екі жағы) оңтүстікке қарай Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Мамыр көшесіне дейін, Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Мамыр көшесінің бойымен (екі жағы) шығысқа қарай Исиналиев көшесіне дейін, Исиналиев көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Жолбарыс (бұрынғы Аққайнар көшесі) көшесіне дейін, Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Жолбарыс (бұрынғы Аққайнар көшесі) көшесінің бойымен (екі жағы) шығысқа қарай Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Еркеғали Рахмадиев (бұрынғы Ақиық көшесі) көшесіне дейін, Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Еркеғали Рахмадиев (бұрынғы Ақиық көшесі) көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Бұлбұл көшесіне дейін, Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Бұлбұл көшесінің бойымен (екі жағы) батысқа қарай Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Темірбек Қожакеев көшесіне (бұрынғы Самал көшесі) дейін, Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Темірбек Қожакеев көшесінің бойымен (бұрынғы Самал көшесі) (шығыс жағы) солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылының бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Қонаев Асқар көшесіне (бұрынғы Бәйтерек көшесі) дейін.

№ 491 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Нұр Алатау шағынауданы (бұрынғы Алатау шағынауданы), Қазыбек Тауасарұлы (бұрынғы Тәуелсіздік көшесі) көшесі, 83 үй, «Алатау» дәрігерлік амбулаториясы, телефоны: 298-79-31

Шекаралары: Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Темірбек Қожакеев көшесінен (бұрынғы Самал көшесі) бастап Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Дәнеш Рақышев көшесінің (бұрынғы Қонаев көшесі) бойымен (екі жағы) Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Еркеғали Рахмадиев көшесіне (бұрынғы Ақиық көшесі) дейін және әрі қарай оңтүстік-шығыс бағытпен Сирень, Источник, Дзержинский атындағы, Энергетик, Труд-2 ММ бау-бақша серіктестіктерін қоса Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Жұлдыз көшесіне дейін, Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Жұлдыз көшесінің бойымен (екі жағы) оңтүстік-шығысқа қарай Нұрлытау шағынауданының шекарасына дейін, Нұрлытау шағынауданының солтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай Нұрлытау шағынауданындағы Шағын тұйық көшесіне дейін, Нұрлытау шағынауданындағы Шағын тұйық көшесінің бойымен (батыс жағы) солтүстікке қарай Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Темірбек Қожакеев көшесіне (бұрынғы Самал көшесі) дейін, Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Темірбек Қожакеев көшесінің бойымен (бұрынғы Самал көшесі) (екі жағы) солтүстікке қарай Свежесть бау-бақша серіктестігін қоспай Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Дәнеш Рақышев көшесіне (бұрынғы Қонаев көшесі) дейін.

№ 492 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Нұрлытау шағынауданы, Рафика Нұртазина (бұрынғы Ынтымақ көшесі) көшесі, 49 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «Ш. Құдайбердіұлы атындағы № 190 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 297-71-79

Шекаралары: Труд бау-бақша серіктестігінің оңтүстік-шығыс шекарасынан бастап солтүстікке қарай Хан Тәңірі шағынауданын, Свежесть, Энергия, Энергия-3 бау-бақша серіктестіктерін қоспай Нұр Алатау (бұрынғы Алатау шағынауданы) шағынауданының оңтүстік шекарасына дейін, Нұр Алатау (бұрынғы Алатау шағынауданы) шағынауданының оңтүстік шекарасының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Нұрлытау, Көкшоқы, Архат (бұрынғы Алма-Арасан шағынауданы) шағынаудандарын, Боран, Эдельвейс, Энергетик-2 бау-бақша серіктестіктерін қоса Бостандық ауданының шекарасына дейін, Бостандық ауданы шекарасының бойымен солтүстік-батысқа қарай Труд бау-бақша серіктестігіне дейін.

№ 493 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Асқартау шағынауданы (бұрынғы Ремизовка шағынауданы), Жансая (бұрынғы Көктем көшесі) көшесі, 1А үй, «Көктем» санаториясы, телефоны: 380-34-74

Шекаралары: Ерменсай шағынауданындағы Жасыл белес 1 квартал көшесінен бастап (екі жағы) оңтүстік-шығысқа қарай Ремизовка өзеніне дейін, Ремизовка өзенінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Горный Гигант бау-бақша серіктестігіне дейін, Горный Гигант бау-бақша серіктестігінің шығыс шекарасының бойымен оңтүстік-батысқа қарай Ақтөбе шағынауданын, Дружба, Ионосфера, Жанару ТК бау бақша серіктестерін қоса Кереңқұлақ өзеніне дейін, Кереңқұлақ өзенінен бастап (шығыс жағы) солтүстікке қарай Ремизовка бау-бақша серіктестігіне дейін, Ремизовка бау-бақша серіктестігінің батыс шекарасының бойымен солтүстікке қарай Ерменсай шағынауданындағы Жасыл белес 1 квартал көшесіне дейін.

№ 494 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Қарғалы шағынауданы, Кенесары хан көшесі,          18 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «Ғ. Мұстафин атындағы

№ 191 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 299-77-34

Шекаралары: Асқаров және Кенесары хан көшелерінің қиылысынан бастап оңтүстік-батысқа қарай Кенесары хан көшесінің бойымен (оңтүстік-шығыс жағы) Алма-Ата санаторийіндегі 1, 2, 3, 4, 5, 6 үйлерді қоспай Редько көшесінің қиылысына дейін, Редько көшесінің бойымен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Труд бау-бақша серітестігінің солтүстік шекарасына дейін, Труд бау-бақша серіктестігі солтүстік шекарасының бойымен шығысқа қарай, Дулати көшесіне дейін, Дулати көшесінің бойымен (екі жағы) солтүстікке қарай Хан Тәңірі шағынауданындағы 210-нан 220 дейінгі үйлерді, Свежесть, Свежесть-1, Энергия, Энергия-1, Энергия-2, Энергия-3 бау-бақша серітестіктерін қоса Мирас шағынауданының шекарасына дейін, Мирас шағынауданы шекарасының бойымен (оңтүстік жағы) батысқа қарай Квартал Қарғалы 1/5 үйді қоспай Асқаров және Кенесары хан көшелерінің қиылысына дейін.

№ 555 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Кекілбайұлы (бұрынғы Каблуков көшесі) көшесі, 133 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанындағы колледж мектеп-интернаты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны, телефоны: 395-12-48

Шекаралары: Үлкен Алматы өзенінен бастап Торайғыров көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Кекілбайұлы (бұрынғы Каблуков көшесі) көшесіне дейін, Кекілбайұлы (бұрынғы Каблуков көшесі) көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Тәжібаева Патшайым көшесіне дейін, Тәжібаева Патшайым көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Есқараев көшесіне дейін, Есқараев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Розыбакиев көшесіне дейін, Розыбакиев көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Розыбакиев көшесіндегі 273 үйге дейін, Розыбакиев көшесіндегі 273 үйдің бұрышынан батысқа қарай Розыбакиев көшесіндегі 273 үйді және Құсайынов көшесіндегі 292 үйді қоса Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін.

№ 558 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Жароков көшесі, 294 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 99 бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, телефоны: 377-37-08

Шекаралары: Жароков көшесінен бастап, Ходжанов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Экспериментальная база көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Ходжанов көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Ходжанов көшесіндегі 77, 79, 81 үйлерді қоса және Ходжанов көшесіндегі 17 үйді қоспай әл-Фараби даңғылына дейін,әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Жароков көшесіне дейін, Жароков көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Ходжанов көшесіне дейін.

№ 559 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Нұр Алатау шағынауданы (бұрынғы Алатау шағынауданы), Қазыбек Тауасарұлы (бұрынғы Тәуелсіздік көшесі) көшесі, 33 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 189 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны: 298-78-70

Шекаралары: Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Темірбек Қожакеев көшесінен (бұрынғы Самал көшесі) бастап Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Балбөбек көшесінің бойымен (екі жағы) шығысқа қарай Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Еркеғали Рахмадиев көшесіне (бұрынғы Ақиық көшесі) дейін, Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Еркеғали Рахмадиев көшесінің (бұрынғы Ақиық көшесі) бойымен (екі жағы) солтүстікке қарай Бағанашыл шағынауданына дейін, Бағанашыл шағынауданының оңтүстік шекарасы бойымен Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Таңжарық көшесіне дейін, Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Таңжарық көшесінің бойымен (екі жағы) оңтүстік-батысқа қарай ПК Бақ, Алма, Алма 3 бау-бақша серіктестіктерін қоса Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Балжан Бөлтірікова көшесіне (бұрынғы Қарасай батыр көшесі) дейін, Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Балжан Бөлтірікова көшесінің (бұрынғы Қарасай батыр көшесі) бойымен (екі жағы) Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Темірбек Қожакеев көшесіне (бұрынғы Самал көшесі) дейін, Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Темірбек Қожакеев көшесінің (бұрынғы Самал көшесі) бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Нұр Алатау шағынауданындағы (бұрынғы Алатау шағынауданы) Бұлбұл көшесіне дейін.



Алматы қаласы

Бостандық ауданы әкімінің

2020 жылғы «__» қантардағы №__шешіміне

№3 қосымша



№ 568 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 үй, әл-Фараби атындағы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, механика-математика факультетінің оқу корпусы, телефоны: 377-33-33 і/б.1231

Шекаралары: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханалары әл-Фараби даңғылының бойындағы 71/2, 71/3, 71/4, 71/6, 71/7, 71/8, 71/12,71/17 үйлер.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Алматы қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 06.02.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 1607 болып енгізілді

Келісім қорытындысы

Алматы қ. әкімдігі -бөлім жетекшісі Мамбетова Гульназ Садыкқызы, 17.01.2020 16:38, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

 Алматы қ Әділет департаменті - департамент жетекшісі КокобаеваГульнара Ахметжанқызы, 30.01.2020 17:27, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Қол қою қорытындысы

 Алматы қ Әкімдігі -   Бостандық ауданы әкімі Рақымбетов Алтай Ергазинұлы, 31.01.2020 17:31, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі.