Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мемлекеттік қызмет МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ



Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдаудың және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жұмыс жоспарын іске асыру жөніндегі, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында Бостандық ауданы әкімі аппаратымен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


Осы іс-шаралар Жоспары тармақтарының жүзеге асыру барысында Бостандық ауданында келесі шаралар өткізілді.

21 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының бастапқы парақшасында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдаудың және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жұмыс жоспарын іске асыру жөніндегі, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша ақпаратты қамтитын, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласу туралы құрылымдық бөлімдері бар, сонымен қатар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар" тақырыптық баннер орналастырылған.

«Жаңалықтар» айдарында 28.03.2019ж. аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне өткізіліген «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен реттелетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастар» заңнамаларымен реттелетін нормалар» атты құқықтық жаппай оқыту дәрісі туралы ақпарат жарияланған.

 31 тармақ бойынша. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері бюджетті жасақтаудың қатысушылары болып табылады. Бюджетті жоспарлау мен жүзеге асырудың барлық сатыларында жауапты бюджеттік бағдарламаларына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жауапты. Жергілікті бюджет республикалық бюджет бекітілгеннен кейін 2 апталық мерзім ішінде бекітіледі. Бюджет кодесіне сәйкес, бюджеттің уақытылы жасақталуы мен жүзеге асырылмауына жазалау шаралары қарастырылған.

33 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты АХАТ бөлімімен 2019 жылдың басынан Алматы қаласы бойынша ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бостандық ауданының азаматтарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша семинар-сабақ өткізді.

35 тармақ бойынша. Бюджеттер мен есептер жыл сайын БАҚ-нда және Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің интернет-ресурсында жарияланады.

36 тармақ бойынша. Аудан әкімі мен үш әкім орынбасарларының мүліктері және кірістері туралы мәлімет «Өзіңнен баста» акциясының аясында аудан әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар» тарауында жарияланған.

38 тармақ бойынша. Қазіргі уақытта Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты АХАТ бөлімі ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 05.04.2018 жылғы №143 ҚР Әділет министрлігінің 13.04.2018 жылғы №578 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» «Коммерциялық емес акционерлік қоғамына азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу функциясын беру бойынша пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес 2018 жылдың 26 сәуірінен бастап пилоттық жоба негізінде мемлекеттік қызметтерді көрсетіп келеді. Бұйрық негізінде мемлекеттік қызметтердің 3 түрі:тууды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, сот шешімі бойынша неке бұзуды тіркеу;АХАТ бөліміненМемлекеттік корпорацияғаіссапарға жіберілгенқызметкермен келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:1) туу және қайтыс болу бойынша азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер еңгізу; 2) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер еңгізу; 3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер еңгізу.

44 тармақ бойынша. Мемлекеттік қызметтерді көрсету жөнінде ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер паспорты, стандарты, регламенті, мемлекеттік қызметтерді көрсету алгоритмі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер инфографикасы, АХАТ бөлімінің байланыс телефоны Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратының интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты АХАТ бөлімімен 2019 жылдың басынан Алматы қаласы бойынша ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бостандық ауданының азаматтарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша бір семинар-сабақ өткізілді.

Сонымен қатар, әкім аппаратының 1 қабатында және Алматы қаласы бойынша ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бостандық ауданының азаматтарға қызмет көрсету бөлімі ғимаратында орналасқан АХАТ бөлімінде мемлекеттік қызметтерді «электрондық портал үкіметі» арқылы электронды түрде алудың тәсілдері жөніндегі видеоролик көрсетілімі орнатылған (видеоролик көрсетілімі Мемлекеттік қызметтер Агенттігінің ұсынымы бойынша орнатылды).

Аудан қызметтерінің өкілдері және аппарат қызметкерлерімен өткізілетін жиындарда мемлекеттік қызметкерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың негативті салдарын жою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және қолданыстағы заңнамаларда бекітілген нормалар түсіндіріледі.  

Ағымдағы жылдың 15 қаңтары мен 01 ақпаны аралығында аудан әкімінің халықпен өткізген жеті есептік кездесуінде сыбайлас жемқорлықтын көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын қалыптастыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар талқыланды.

Ағымдағы жылдың 05 қаңтарында «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалында бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, хатшылары және мүшелерінің қатысуымен семинар өтті. Семинарда «Цифрлық партия» жобасын уақытылы әрі сапалы іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтардың алдын алу сұрақтары қарастырылды.

11 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Алматы қаласы жоғары оқу орындарының өкілдері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ-ң және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сарапшылары білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың 1-ші раундын іске асыру барысы талқыланды. Талқылау «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің алаңында өтті, сондай-ақ, жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды енгізуді бағалау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының электрондық платформасы таныстырылды.

11 қаңтарда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Жоғарғы білім беру институтының күндізгі оқу факультеті және техникалық факультетінің 4 курс курсанттарына сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және кәсіби-психологиялық даярлығын арттыру бойынша шара өткізілді. Шара барысында заң бұзушылықтың алдын алу жұмыстары мен сыбайлас жемқорлықпен айналысып қолға түскен полиция қызметкерлері туралы бейнероликтер көрсетілді.

25 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «ХХІ ғасырдағы ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы» атты Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында қойылған міндеттерді шешуге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу сұрақтары талқыланды.

30 қаңтарда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен оқу-саптық бөліністері, курс бастықтары, орынбасарлары, взвод командирлері мен кезекші бөлім қызметкерлері психологиялық-тәрбиелік жұмыстар бойынша бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізді. Жиын барысында курсанттар арасында заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимылы және суицидтің алдын алу, тәрбие жұмысын күшейту сұрақтары талқыланды.

04 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Д. Таумұрат «Sanaly urpaq», «Алматы – Адалдық алаңы», «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» атты жобалық кеңселер басшыларының қатысуымен брифинг өткізді. Брифинг қатысушыларына білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асыру барысу туралы мәлімдеді.

05 ақпанда «Қайнар» университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Алматы қаласы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің отырысына қатысты.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлықпен күреске қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар, маңыздылығы және кәсіпкерлік субъектілердің дамуын ынталандыру мақсатында мемлекетпен кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық және әлеуметтік шарттарды және кепілдіктерді жасау бойынша өткізілген кешенді шаралар сұрақтары талқыланды.

15 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған кураторлық сағат өтті. Сонымен қатар, қоғамда, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністерге ымырасыз қатынастарын қалыптастыру сұрақтары қарастырылды.

04 наурызда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы ЖООКжҚББИ Жоғары академиялық курстарында «ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша ӨҚБ басқа, басқарма бастықтарының орынбасарлары мен бөлімше бастықтарының біліктілігін арттыру курстары өткізілді. Курс барысында «Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: мәселелері, шешу жолдары» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

14 наурызда «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХХVIII съезінде берген тапсырмалары талқыланды, талқыланған сұрақтардың біреуі сыбайлас жемқорлық көріністеріне және құқықбұзушылықтарына мүлдем төзбеушілік сұрағы болды.

28 наурызда Бостандық ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен реттелетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастар» заңнамаларымен реттелетін нормалар» атты аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне кезекті құқықтық жаппай оқыту дәрісі өтті.

47 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға байланысты тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында қазіргі таңда Бостандық ауданы аумағында бейнебилбордтар: әл-Фараби-Жароков, әл-Фараби-Гагарин, әл-Фараби-Ходжанов, әл-Фараби-Ремизовка, әл-Фараби-Навои, әл-Фараби-Розыбакиев, Розыбакиева-Кожабеков, Тимирязев-Шашкин (солтүстік-батыс), Сәтбаев- Х.Ерғали өзені (оңтүстік) көшелерінің қиылыстарында орналастырылған, сонымен қатар, Сәтбаев – Весновка өзені, Сәтбаев – Клочков, Абай – Наурызбай батыр, Сәтбаев – Жароков көшелерінің қиылысында билбордтар орналастырылған.

48 тармақ бойынша. Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының бастапқы парақшасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар" бөлім тақырыптық баннермен қоса, оның ішінде тұрғындарға осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде барлық ақпарат орналастырылған.

59 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнероликтерді жолдаған кезде, олардың таратылуы қамтамасыз етіледі.

60 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы вайндарды жолдаған кезде, олардың жастар және жастар ұйымдары арасында таратылуы қамтамасыз етіледі.

61 тармақ бойынша. Бейне және аудиороликтер жолданған кезде, олардың әлеуметтік нысандарда көрсетілуі қамтамасыздырылады.

71 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының: http://bostandyk.almaty.kz сайтында жоспарлау және бюджеттік қаражаттардың игерілуі туралы мәліметерді орналастыру үшін арнаулы тарулардың жасалуы және толтырылуы қамтамасыздырылған.

76 тармақ бойынша. Жылдың қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат уақытылы Алматы қаласы әкімдігіне жолданылады.