·
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін
қажетті құжаттардың тізбесі:
Ата-ананың
бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшасына сәйкес
нысандағы әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі -
өтініш);
2) баланың туу туралы куәлігін, мұндай
өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде – медициналық ұйым немесе жекеше
практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын
медициналық анықтама. Егер әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды
мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы
куәлігі талап етілмейді;
3) ата-анасының жеке басын
куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды
деп жарияланған, анасы психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан
әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айрылған немесе
шектелген, баланың анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда
баланың әкесінің өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өзін
баланың әкесі деп мойындайтын тұлғаның әке болуды анықтау туралы өтініш;
2) әкесінің өтінішінде көрсетілген
негізіне байланысты анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттар:
анасының қайтыс болуы туралы куәлік; анасын психикалық ауруының немесе ақыл
есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды
деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы
сот шешімі; анасының тұратын жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама;
3) ата-анасының жеке басын
куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Сот шешімі негізінде әке болуды
анықтауды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес
нысандағы сот шешімі бойынша әке болуды анықтау туралы өтініш;
2) әке болуды анықтау туралы сот
шешімінің көшірмесі;
3) баланың туу туралы куәлігі;
4) ата-анасының біреуі қайтыс болған
жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік;
5) ата-анасының жеке басын
куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына
өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес
нысандағы өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының туу
туралы куәлігі, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу
туралы анықтама;
3) әке болуды анықтау туралы куәлік,
егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – әке болуды анықтауды тіркеу
туралы анықтама;
4) өзгерістер, толықтырулар және
түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;
5) мемлекеттік баждың бюджетке
төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып
табылатын құжат;
6) нотариатта куәландырылған сенімхат
(көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда);
7) ата-анасының біреуі қайтыс болған
жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік;
8) ата-анасының жеке басын
куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) ұсынылады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Астана және
Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы
аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың,
ауылдық округтердің әкімдері құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін
көрсетілетін қызметті берушіге түпнұсқасын қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық
қажетті құжаттарды Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың
ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне берген кезде
құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы
белгі қағаз жеткізтегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке
басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ, егер тіркеу Қазақстан
Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал
актілерін тіркеу туралы куәліктер жөніндегі мәліметтерді көрсетілетін
қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті
мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
|