Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу


Алматы қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен
бекітілді

 "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – Алматы қаласы әкімдігінің 08.01.2018 № 1/5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну мынандай баламалы негізде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде беріледі.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғаны және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнінің тағайындалғаны туралы хабарлама не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады. 

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

       Мемлекеттік қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

       4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып, Стандарттың 1 немесе 2 қосымшаларына сәйкес өтініш болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына беруі, 20 (жиырма) минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы, 1 (бір) сағат ішінде;

       3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттарды қарауы, оларды толықтығы және Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі тұрғысынан тексеруі және талдауы: 7 (жеті) жұмыс күні ішінде – азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш; Стандарттың 9 тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      4) жауапты орындаушының "Азаматтық хал актісін жазу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) акт жазбасын қалыптастыруы, тіркеуді жүзеге асыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беруі, 3 (үш) сағат ішінде;

      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдауы, 1 (бір) сағат ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі не Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы, 20 (жиырма) минут ішінде.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:

      1) тіркелген өтініш;

      2) бұрыштама және орындауға жолдау;

      3) қаралған құжаттар;

      4) ақпараттық жүйеде қалыптастырылған жазба және толтырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;

      5) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;

      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру немесе Мемлекеттік корпорацияға не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдау.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және қоса берілген құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді, 20 (жиырма) минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және жауапты орындаушыға жолдайды, 1 (бір) сағат ішінде;

       3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес келуін тексереді және талдау жүргізеді, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш; Стандарттың 9 тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      4) ұсынылған құжаттарды тексергеннен және талдағаннан кейін жауапты орындаушы ақпараттық жүйеде акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және 3 (үш) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді, 1 (бір) сағат ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне береді, 20 (жиырма) минут ішінде.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдағанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі, 15 (он бес) минуттан аспайды.

       Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды толықтығы және заңнамаға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және оларды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жеке куәлігін ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну мен рәсімдер реттілігінің тәртібі осы регламенттің 1 қосымшасында келтірілген:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді өзінің электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігінің көмегімен немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абонентік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольді қолдану арқылы жүзеге асырады;

      2) 1 процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігін қоса тіркеуі, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);

      3) 1 шарт – порталда логин, жеке сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

      4) 2 процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту туралы  хабарламаны қалыптастыру;

      5) 3 процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда көрсетілген қызметті таңдауы, сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттардың электрондық нұсқасын тіркеу арқылы, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу);

      6) 4 процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігін таңдауы;

      7) 2 шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген Жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген Жеке сәйкестендіру нөмірі арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;

      8) 5 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      9) 6 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының көмегімен  қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

      10) 7 процесс – ақпараттық жүйеде электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу;

       11) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін тексеруі;

      12) 8 процесс – құжаттар топтамасының толық болмауына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуіне байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

       13) 9 процесс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу уақыты мен орны туралы хабарламаны алуы.

Қызмет көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


"Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу,

 оның ішінде азаматтық хал актілері 

жазбаларына өзгерістер, толықтырулар 

мен түзетулер енгізу" 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

 регламентіне 1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық
өзара іс-қимыл диаграммасы


Шартты белгілері:




"Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне 2 қосымша

 "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"
мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:



  Портал арқылы:

                   


Шартты белгілері: