Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу


Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен
бекітілді

 "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – Алматы қаласы әкімдігінің 08.01.2018 № 1/5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде ұсынылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен туу туралы қайталама куәлік не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің берілетін күнінің белгіленгені туралы хабарлама не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға ақылы/тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкілінің) Стандарттың 9 және 9-1 тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.

      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда – Алматы қаласы әкімдігінің 13.08.2018 № 3/388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына жолдауы, 20 (жиырма) минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы, 2 (екі) сағат ішінде;

      3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттарды қарауы, олардың толықтығы және Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі тұрғысынан тексеруі және талдауы: тууды тіркеу туралы өтініш – 1 (бір) жұмыс күні ішінде; баланың туған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін, баланың туу туралы өтініш берген жағдайда күнтізбелік 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      4) жауапты орындаушының "Азаматтық хал актісін жазу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) акт жазбасын қалыптастыруы, тіркеуді жүзеге асыруы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындауы, қызметті көрсету берушінің басшысына қол қоюға жолдауы, 3 (үш) сағат ішінде;

      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы, елтаңбалы мөр басуы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдауы, 1 (бір) сағат ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі немесе Мемлекеттік корпорацияда жолдауы, 20 (жиырма) минут ішінде.

      Стандарттың 9 тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, қызметті көрсету мерзімі күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

      6. Келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижелері:

      1) тіркелген өтініш;

      2) бұрыштама және орындауға жолдау;

      3) қаралған құжаттар;

      4) ақпараттық жүйеде қалыптастырылған жазба және толтырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;

      5) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;

      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру немесе Мемлекеттік корпорацияға не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдау.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және қоса берілген құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдайды, 20 (жиырма) минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және жауапты орындаушыға жолдайды, 1 (бір) сағат ішінде;

      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес келуіне тексереді және талдау жүргізеді, тууды тіркеу туралы өтінішті қарау – 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Баланың туған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      4) ұсынылған құжаттарды тексергеннен және талдағаннан кейін жауапты орындаушы ақпараттық жүйеде акт жазбасын қалыптастырылады, тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және 3 (үш) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды, елтаңбалы мөр басады және 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға, немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне береді, 20 (жиырма) минут ішінде.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдағанда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі, 15 (он бес) минуттан аспайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды толықтығы және заңнамаға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және оларды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды, тууды тіркеу туралы өтінішті қарау – 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Баланың туған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда күнтізбелік 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау күнтізбелік 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігін (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) ұсынған кезде қолхат негізінде Мемлекеттік корпорацияда жүзеге асырылады, 15 (он бес) минут ішінде.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы қажетті құжаттарды қабылдаған кезде қағаз тасымалдағышта құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі қойылады, 20 (жиырма) минуттан аспайды.

      Қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды толықтығы және заңнамаға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды, тууды тіркеу туралы өтінішті қарау – 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Баланың туған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жеке куәлігін ұсынған кезде жүзеге асырады, 20 (жиырма) минут ішінде.

      11. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну мен рәсімдер реттілігінің тәртібі осы регламенттің 1 қосымшасында келтірілген:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді өзінің электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігінің көмегімен немесе бір реттік парольді пайдалану арқылы, егер қызмет алушының абонентік нөмірі ұялы байланысты ұсынған оператор арқылы порталдың есептік жазуына тіркеліп қосылған жағдайда жүзеге асырады;

      2) 1 процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігін қоса тіркеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);

      3) 1 шарт – порталда логин, жеке сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

      4) 2 процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      5) 3 процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда көрсетілетін қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттардың электрондық нұсқада тіркеу арқылы, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу);

      6) 4 процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын тіркеу куәлігін таңдауы;

      7) 2 шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген Жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген Жеке сәйкестендіру нөмірі арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

      8) 5 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      9) 6 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының көмегімен қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

      10) 7 процесс – ақпараттық жүйде электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу;

      11) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін тексеруі;

      12) 8 процесс – құжаттар топтамасының толық болмауына немесе олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуіне байланысты сұралған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      13) 9 процесс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орны туралы хабарламаны алуы.

      Қызметтерді көрсету процесінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 1 қосымшасында келтірілген.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Бала тууды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Шартты белгілер:

"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша

"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:

2) Мемлекеттік корпорация арқылы:

3) Портал арқылы:

Шартты белгілер: