Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу


Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен
бекітілді

 

"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – Алматы қаласы әкімдігінің 08.01.2018 № 1/5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

1. Жалпы ережелер

      1. "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде ұсынылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен, қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті қабылдау және неке қиюды (ерлі–зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында дәлелді жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып, Стандарттың 1 немесе 2 қосымшаларына сәйкес өтініш болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына беруі, 20 (жиырма) минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін жауапты орындаушыға жолдауы, 1 (бір) сағат ішінде;

      3) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттарды қарауы, олардың толықтығы және Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі тұрғысынан тексеруі және талдауы: неке қию туралы өтініш – 1 (бір) жұмыс күні ішінде, азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі. Стандарттың 10 тармағында көрсетілген жағдайларда – бас тарту туралы дәлелді жауап әзірлеу, 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      4) жауапты орындаушының көрсетілетін қызметті алушының келісімі бойынша неке қиюды мемлекеттік тіркеу күнін белгілеуі (неке қиюды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде). Өтініш портал арқылы келіп түскен жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу күні туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды, 20 (жиырма) минут ішінде;

      5) жауапты орындаушының "Азаматтық хал актісін жазу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) акт жазбасын қалыптастыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдауы, 3 (үш) сағат ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы және жауапты орындаушыға жолдауы, 1 (бір) сағат ішінде;

      7) жауапты орындаушының салтанатты жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу рәсімін өткізуі және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға тапсыруы, 20 (жиырма) минуттан аспайды.

      Стандарттың 9 тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

      6. Келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:

      1) тіркелген өтініш;

      2) бұрыштама және орындауға жолдау;

      3) қаралған құжаттар;

      4) неке қиюды тіркеу күнін белгілеу;

      5) ақпараттық жүйеде қалыптастырылған жазба және толтырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;

      6) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;

      7) неке қиюды мемлекеттік тіркеу рәсімін өткізу және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тапсыру.

 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну процесінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді, 20 (жиырма) минут ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және жауапты орындаушыға жолдайды, 1 (бір) сағат ішінде;

      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес келуін тексереді және талдау жүргізеді, неке қиюды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде – 1 (бір) жұмыс күні ішінде, азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтінішті қарау кезінде – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі. Стандарттың 10 тармағында көрсетілген жағдайларда жауапты орындаушы бас тарту туралы дәлелді жауап әзірлейді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының келісімі бойынша неке қиюды мемлекеттік тіркеу күнін белгілейді (неке қиюды тіркеу туралы өтінішті қарау кезінде). Өтініш портал арқылы келіп түскен жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды;

      5) ұсынылған құжаттарды тексергеннен және талдағаннан кейін жауапты орындаушы ақпараттық жүйеде акт жазбасын қылыптастырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін әзірлейді және 3 (үш) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және 1 (бір) сағаттың ішінде жауапты орындаушыға береді;

      7) жауапты орындаушы белгіленген күні көрсетілетін қызметті алушылардың қатысуымен неке қиюды мемлекеттік тіркеу рәсімін өтізеді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тапсырады, 20 (жиырма) минуттан аспайды.

 4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің тәртібі осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді өзінің электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігінің көмегімен немесе порталдың есептік жобасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абонентік нөмері қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольді қолдану арқылы жүзеге асырады;

      2) 1 процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігін қоса тіркеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға парольді енгізуі процесі (авторизациялау процесі);

      3) 1 шарт – порталда логин, жеке сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

      4) 2 процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      5) 3 процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда көрсетілетін қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарды электрондық нұсқада сұрау салудың нысанына тіркеу арқылы, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу);

      6) 4 процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігін таңдауы;

      7) 2 шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген Жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігінде көрсетілген Жеке сәйкестендіру куәлігі арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

      8) 5 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      9) 6 процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының көмегімен қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

      10) 7 процесс – ақпараттық жүйеде электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу;

      11) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Стандарттың 9 тармағына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін тексеруі;

      12) 8 процесс – құжаттар топтамасының толық болмауына немесе олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуіне байланысты сұралған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      13) 9 процесс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орны туралы хабарламаны алуы.

      Кызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелердің функционалдың өзара іс-қимыл диаграммасы регламенттің 1 қосымшасында келтірілген.

      Мемлекеттік қызметті қөрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша

 

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

          

 Шартты белгілер:

                                                                                                                                                                        

 

"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)

тіркеу, оның ішінде азаматтық хал

актілері жазбаларына өзгерістер,

толықтырулар мен түзетулер енгізу"

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне 2 қосымша

 

"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметін
көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:

                         

2) Портал арқылы:

                                   


                                       

 

 

 

 

 

 

 

Шартты белгілер:

HTML comment" id="bxid242576238" class="bxhtmled-surrogate-dd" src="/bitrix/images/1.gif">HTML comment" id="bxid925541815" class="bxhtmled-surrogate-dd" src="/bitrix/images/1.gif">HTML comment" id="bxid155229607" class="bxhtmled-surrogate-dd" src="/bitrix/images/1.gif">HTML comment" id="bxid606283297" class="bxhtmled-surrogate-dd" src="/bitrix/images/1.gif">HTML comment