Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты


1. Жалпы ережелер

      1. "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

      1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы" (бұдан әрі – портал): www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

      неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

      некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлесе берген өтініші бойынша тиісті құжаттармен (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын құжаттар) расталатын дәлелді себептер болған кезде (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың берген жазбаша өтініші негізінде оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады;

      ерекше мән-жайлар (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың ниеті бойынша, себебі мен растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі;

      неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты тіркеу рәсімінің ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан аспауы тиіс;

      азаматтық хал актісінің жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар етіле отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      порталда – неке (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күнін тағайындау туралы хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күн.

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:

      жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті қабылдау және неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында дәлелді жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

      Некені қию туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзетумен және қалпына келтірумен байланысты куәлік беру үшін - 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

      Мемлекеттік баж сомасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.

      Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысанда некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);

      2) мемлекеттік қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      шетелдіктер қосымша ұсынады:

      4) некеге құқық қабілеттігі туралы анықтаманы;

      5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік Қазақстан еспубликасының iшкi iстер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын ұсынады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында тiркелген құжатын ұсынады.

      Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.

      6) қажет болған жағдайда – өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсаты.

      Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде, мерзімді ұзартудың немесе қысқартудың негізін растайтын қосымша құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын құжаттар ұсынылады.

      Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету қажет болған кезде, қосымша ұсынылады:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысанда неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету туралы өтініш;

      2) белгіленген неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы немесе ортақ баланың тууы және әке болуды анықтау туралы куәліктердің көшірмелері (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген балалардың куәліктерінен басқа);

      3) заңды өкілдердің өкілетін растайтын құжаттар.

      Бұрынғы некелері (ерлі-зайыптылықтары) болған жағдайда, мәліметтерді тексеру үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың түпнұсқалылығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Порталда (Қазақстан Республикасы азаматтарының некесін алғаш рет тіркеу үшін):

      1) көрсетілетін қызметті алушылардың, некеге тұрушы екі адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық өтініш.

      Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанда өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;

      2) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы анықтама;

      3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;

      4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;

      5) өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжат.

      Өз құзіреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы үзбелі талон беріледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      10. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеуден бас тартуға:

      1) бір жынысты адамдар арасында;

      2) ерлі-зайыптылардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрағанда (ерлі-зайыптылықта болғанда);

      3) жақын туыстардың арасында;

      4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың арасында;

      5) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауру немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында;

      6) өкіл арқылы;

      7) көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған жағдайда;

      8) егер тіркеуші орган некеде тұруға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән – жайларды жасыру фактілерін анықтағанда немесе азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жалған мәліметтерді хабарлағанда;

      9) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған кезде;

       10) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелді) талаптарына сәйкес келмегенде;

      11) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болған кезде өтініш берілген жағдайда негіз болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушы бюджетке төлеген алымның сомасын растайтын құжат (ЭҮПШ арқылы төленген жағдайда), сондай-ақ, егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, көрсетілетін қызметті беруші азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-ға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық тапсырған кезде округтердің әкімдеріне өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі болып табылады;

      2) портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі және некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күнін тағайындау туралы көрсетіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекетіне
(әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне): шағым мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша басшыларының атына беріледі.

      Лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектінің шешімдеріне шағым, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бағыныштылық тәртiбiмен субъектіге тиісті лауазымды адамның немесе субъектінің әрекеттерiне немесе шешіміне жеке немесе заңды тұлғаға белгілі болған мерзімнен бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі субъектінің немесе лауазымды адамның шағымды қараудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімнің өтуінің себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздің бірі болуы мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттіқ қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сотқа жүгіне алады.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, "электронды үкімет" веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Тіркеуші органға, Министрлікке қолма-қол да, пошта арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (тіркеу мөртабаны, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы "жеке кабинеттен" жөнелткен кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы, "электронды үкімет" веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі; өзгеріс енгізілді – 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

       12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

 4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдар алуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік қызмет берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольды қолданған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты)
тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

      Нысан

      Өтініш 20____жылғы "____"_______________ қабылданды

      № _____ журналда тіркелді.

      Некеге отыруды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу

      20___ жылғы "___" ____________ тағайындалды.

      Қолы ______________________________________

 Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы
Өтініш





Азамат

Азаматша

1.

Аты





2.

Әкесінің аты (бар болғанда)





3.

Тегі





4.

Туған күні, жасы

"___" ______ жылы

___ жасқа толды

"___" _____ жылы

___ жасқа толды

5.

Азаматтық





6.

Туылған жері (қала, ауыл, аудан, облыс, өңір, республика)





7.

Ұлты





8.

Білімі





9.

Қайда және кім болып жұмыс істейді





10.

Отбасылық жағдайы: некеде отырған, жесір, ажырасқан





11.

Ортақ балалар туралы мәлімет





12.

Тұрақты мекенжайы





13.

Қай жылдан





14.

Нешінші некеге отыруы





15.

Жеке тұлғаны растайтын құжат (нөмірі, қашан және кіммен берілді)







      Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) кедергілер жоқ.

      Некеге отыру (ерлі-зайыпты болуды) тіркелгеннен кейін келесі тегін алуды қалаймыз

      ері _________________________________________________________________

      зайыбы ______________________________________________________________

      Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болу) шарттарымен және тәртібімен таныстық. Болашақ ерлі-зайыптылардың және ата-ананың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұмат берген үшін әкімшілік жаза тағайындалаты туралы ескертілдім.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін

      __________ "__" ____ __ 20 жыл

            (қолы)                          (қолы)

      Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеуді cалтанатты/салтанатты емес(керек емесін сызып тастау) жағдайда өткізуді сұраймыз.

      Некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болатындардың) қолдары:

      Азамат ______________________________

      (некеге дейінгі тегі)

      Азаматша ____________________________

     (некеге дейінгі тегі)

      20____жылғы "____"_______________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Неке қиюды (ерлі-
зайыптылықты) тіркеу, оның
ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Нысан

____________________________
____________________________
(тіркеуші органның атауы) 
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)
мекенжайы:
____________________________
____________________________
Тел. №
____________________________

Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы
өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 № 76