Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Бостандық ауданы әкімі аппратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2018 жылғы І жарты жылдықта атқарылған жұмыстары жөніндегі ЕСЕБІ


Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.

Бостандық ауданында 26 800 348 жуық кітап қоры бар 5 кітапхана жұмыс жасайды.

131 тарта үйірмелер жұмысы бар 1800 жуық баланы қамтыған Балалар үйі жұмыс істейді. Сонымер қатар, ауданда К.Байсеитова атындағы музыка мектебі, О.Таңсықбаев атындағы декаративті-қолданбалы және Т.Жүргенов атындағы өнер колледждері бар.

Ауданда 6 кинотеатр орналасқан: «Mega Alma-Ata» ойын-сауық орталығында ораналасқан “StarCinema”, «Promenade» сауда орталығында орналасқан “Promenade 3D”, «ADK» ойын-сауық орталығында орналасқан “Chaplin”, «Алматы – Towers» бизнес орталығында орналасқан “Cinema Towers 3D”, «Esentai mall» сауда орталығында орналасқан “Kinopark” және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетнің жанындағы кинотеатр үнемі жұмыс істейді.

Ауданда орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер жүйелі түрде араланып және қаралып отырады. Аудан аумағында 12 тарихи және мәдени ескерткіш есепке алынған. Сонымен қатар, 1 – мемлекеттік мұражай, 1 – цирк, 1 – неміс театры, 5 – спорт кешені, 1 – спорт колледжі, 10 – бассейн орналасқан.

Сондай-ақ, аудан аумағында Қазақстан Республиксының Тұңғыш Президентінің саябағы орналасқан және онда мәдени-спорттық шаралар өтеді.

Аудандық мәдени-бұқаралық іс-шаралар

 

Бостандық ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік және өзге тілдерді дамыту мақсатында және қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылуда:

- іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу процесі қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар толығымен қазақ тілінде жүргізілуде; (100%)

- мемлекеттік тілді жетік меңгеру мақсатында соңғы технологиялармен жабдықталған қазақ тілі кабинеті жұмыс істеп келеді;

Ағымдағы жылдың 1 наурызында Бостандық ауданы әкімінің аппаратында «Алғыс айту» күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Шараға ауданымыздың әлеуметтік жағынан аз қамтылған азматтары қатысып, оларға концерттік бағдарлама ұсынылып, азық-түлік қалтасы таратылды.

Сонымен қатар, аудан көлемінде орналасқан кітапханалар мен білім мекемелерінде әлеуметтік тегін қызмет «Алғыс ал» акциясы, «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы тақырыптарында түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні К.Байсейітова атындағы музыка мектебінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, ауданның құрметті әйелдер қауымына арналған аудан әкімінің аппараты ұйымдастырған салтанатты іс-шара өтті. Шарада ауданның дамуына үлесін қосқан азаматшалар аудан әкімінің Құрмет грамотасымен алғыс хатымен марапатталды. Аталмыш іс-шараға жалпы саны 250 қонақ шақырылып, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтар табыс етілді. Сондай-ақ, ауданның білім мекемелерінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні кең көлемде аталып өтілді.

Ағымдағы жылдың 1 мамырында "Мега Алматы" ойын-сауық орталығында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған аудандық мерекелік шара ұйымдастырылды. Ойын-сауық орталығының сахнасында қала тұрғындарына эстрада жұлдыздары, әншілер мен бишілер ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, ойын-сауық алаңында этномәдени бірлестіктердің тарихын, мәдениетін және салт-дәстүрлерін таныстыру мақсатында, этно-көрме ұйымдастырылды. Шара барысында, әр түрлі ұлттардың салт-дәстүрі көрсетілді. Сондай-ақ, осы мерекеде қазақша күрес, қол күрес, арқан тарту, асық ату және т.б. ұлттық спорт түрлерінен тұрғындар арасында жарыс ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 мамырында Бостандық ауданының әкімі аппаратының үлкен залында Отан қорғаушылар күніне арналған аудандық іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында қонақтарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылып, әскери және құқық қорғау салаларының қызметкерлерін мемлекетке адал қызмет атқарғаны және өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелегені үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталды.

2018 жылдың 9 мамырында «Бақшасарай» мейрамханасында Ұлы Жеңістің 73-жылдығына арналған аудандық салтанатты іс-шарасы өткізілді. Соғыс және тыл ардагерлеріне концерттік бағдарлама ұсынылып, дастархан жайылды.

Ағымдағы жылдың 29 мамырында "Қиял әлемі" саябағында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған аудандық салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара барысында, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар балалары, мүгедек балалар мен жетім балалар түрлі аттракциондарда тегін сырғанау мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, балаларға концерттік бағдарлама көрсетіліп, мерекелік дастархан жайылды. Қатысушы балалардың жалпы саны - 400-ге жуық қамтылды.

30 мамыр «Қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу күніне орай Ораз Жандосов ескерткішінің алдында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Шараға аудан әкімінің қызметкерлері мен Ораз Жандосовтың туыстары қатысты.

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Қазақ Мемлекеттік Циркінде әлеуметтік жағынан аз қамтылға, көпбалалы отбасылар және жетім, мүмкіндігі шектеулі 200 балаға арналған тегін көрсетілім ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 4 маусымында Бостандық ауданы аумағында орналасқан жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған флеш-моб ұйымдастырылды.

Есеп беру мерзімі ішінде өткізілген іс-шаралар «Алматы» телеканалында көрсетіліп, «Алматы ақшамы», және «Вечерный алматы» басылымдарында жарияланды.

 

 

Мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің басшысы                                                                 М. Бердиев